Қазақстан Тұрақты өкілі АЭХА Басқарушылар кеңесінің төрағасымен кездесті

Қазақстан Тұрақты өкілі АЭХА Басқарушылар кеңесінің төрағасымен кездесті

Вена, 2024 жылғы 6 тамыз – Қазақстанның Вена қ. халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі Басқарушылар кеңесінің төрағасы Холгер Мартинсенмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ағымдағы жылы қыркүйек айында өткізілетін АЭХА Басқарушылар кеңесінің кезекті сессиясы және АЭХА Бас конференциясының 68-ші сессиясына дайындық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Тұрақты өкілі АЭХА басқарушы органының басшысын еліміздің бастамасымен 2023 жылғы 29 қыркүйекте қабылданған GC(67)/RES/15 қарарын жүзеге асыру шеңберінде Агенттік мүше-мемлекеттерінің егеменді теңдігін ілгерілету жоспарларымен таныстырды. Ол ағымдағы жылғы күзде Қазақстанның АЭС құрылысы бойынша референдум ұйымдастыру жоспары туралы хабарлап, бұл бағытта АЭХА-мен тығыз өзара әрекеттестікті атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар мемлекеттердің АЭХА басқарушы органдарына сайлану мүмкіндігін ілгерілету жөніндегі жұмысты бірігіп жалғастыруға келісті.