Климаттың өзгеруі ЕҚЫҰ жоғары деңгейдегі конференциясының назарында

Климаттың өзгеруі ЕҚЫҰ жоғары деңгейдегі конференциясының назарында

Мальта, 2024 жылғы 24 маусым – Қазақстан делегациясы Президенттің Кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық бойынша арнайы өкілі Зульфия Сулейменованың басшылығымен Мальтаның ЕҚЫҰ Төрағалығы ұйымдастырған Жоғары деңгейдегі конференцияға қатысты. Конференция ұйымға қатысушы мемлекеттерге климаттың өзгеруіне қарсы күресте ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігерді талқылау үшін бірегей платформа ұсынуда.

Арнайы өкіл өз сөзінде тұрақты даму мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін климаттық аспектілерді ұлттық және өңірлік стратегияларға интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті. Ол «Қазақстан климаттың өзгеру қаупін сезіне отырып, көміртегі шығарындыларын азайту жөніндегі бастамаларды белсенді қолдайтынын және 2026 жылы Өңірлік климаттық саммит өткізуді жоспарлап отырғанын» атап өтті. Әділ және тұрақты нәтижелерге қол жеткізудің кілті болып табылатын . әйелдер мен жастардың климаттық шешімдер қабылдау үдерістеріне қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Конференция аясында Қазақстан делегациясының басшысы ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасы, Мальтаның Сыртқы және еуропалық істер және сауда министрі Иэн Борчпен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар климаттың өзгеруіне ұлттық және халықаралық деңгейде бейімделу және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі екі елдің күш-жігерін атап өтті. Министр И.Борч Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эммануэль Макронның бірлескен бастамасымен «One Water Summit» саммитіне қызығушылық білдірді.

Кездесу соңында тараптар экология, климаттың өзгеруіне бейімделу және су ресурстарын тұрақты басқару салаларында екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамытып, тәжірибе алмасуға келісті.