
Вена, 2024 жылғы 10 маусым – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) Бас конференциясының 67-сессиясында қабылданған GC(67)/Res/15 қазақстандық қарарын жүзеге асыру шеңберінде АЭХА Басқарушылар кеңесінің маусым сессиясында егеменді теңдікті қалпына келтіру мәселесі бойынша арнайы талқылау өткізілді.
Қазақстан Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде осы уақытқа дейін өңірлік топтарға кірмейтін және сол арқылы АЭХА басқарушы органдарына сайлану мүмкіндігінен айырылған Агенттікке мүше 17 мемлекетті өңірлік топтарға енгізу мәселесін жедел кешенді шешу қажеттігіне делегациялардың назарын аударды.
Сонымен қатар, ҚР Елшісі өңірлік топтарды жаңа мүшелерді қабылдау кезінде барынша икемділік танытуға, сондай-ақ GC(67)/Res/15 қарарына сәйкес құрылған Достар тобы шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды қатаң ұстануға шақырды.
Делегациялардың көпшілігі көтерілген мәселенің өзектілігін растап, өзара қолайлы шешімді әзірлеу бойынша одан әрі бірлескен іс-қимылдарға дайын екендіктерін білдірді.