
Вена, 2024 жылғы 20 мамыр – «Самұрық-Қазына» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ және «KTZ Express» АҚ өкілдері Орталық және Шығыс Еуропа өңірінде қатысуды арттыру мақсатымен аустриялық Rail Cargo Group мемлекеттік жүк компаниясы шақыруымен Венаға сапар шекті.
Сапар барысында қазақстандық тарап Rail Cargo компаниясының басшылығы – директорлар кеңесінің мүшесі К.Граслмен кездесті. Тараптар Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалдау нарығының даму перспективаларын талқылап, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытының өсіп келе жатқан рөлін атап өтті. Осы орайда аустриялық кәсіпкер Қазақстанның ТХКБ бағытын дамытудағы стратегиялық рөлін назарға алды. Сонымен қатар, логистика саласындағы әлеуетті бірлескен инфрақұрылымдық жобалар талқыланды.
Кездесу қорытысында тараптар ТХКБ аясындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, сондай-ақ ағымдағы жылдың күзде Қазақстанға жоспарланған сапарын ұйымдастыруға келісті.
Анықтама: Rail Cargo Group (RCG) — Аустрия Федералдық темір жолдарының (ÖBB) жүк тасымалдау компаниясы. Жылдық айналымы 2 млрд. еуро құрайтын компанияда 9 мыңнан астам қызметкері бар. RCG өкілдіктері 18 елде орналасқан, соның ішінде Аустрия, Мажарстан, Босния-Герцеговина, Болгария, Германия, Грекия, Италия, Хорватия, Польша, Румыния, Ресей, Словакия, Словения, Чехия, Түркия. Компания Еуропадағы жетекші теміржол логистикалық компаниялардың бірі болып, жылына 500 мың пойызға қызмет көрсетеді.