Қазақстан энергетикалық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуде

Қазақстан энергетикалық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуде

Вена, 2024 жылғы 10 мамыр – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі сарапшыларының делегациясы АҚШ Энергетика министрлігінің Аргонн ұлттық зертханасымен бірлесіп ұйымдастырылған «ЕҚЫҰ өңірінде климатқа төзімді энергетикалық жүйелерді құру» атты ЕҚЫҰ семинарына белсенді қатысуда.

Семинар шеңберінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер құрғақшылық, су тасқыны және төтенше температуралар сияқты ауа райы құбылыстарының жиілігі мен ауырлығының ұлғаюына байланысты туындайтын сын-қатерлерді қарастырады. Бұл құбылыстар энергетикалық сектор үшін қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіруде.

Іс-шарада сөз сөйлеген қазақстандық делегация мүшелері Қазақстанның барлық Орталық Азия елдері сияқты климаттың өзгеруінің әсерінен ерекше осал жағдайда екенін және ЕҚЫҰ-ның тұрақты энергетикалық жүйелерді ілгерілету жөніндегі үндеуін толық қолдайтынын атап өтті.

Қазақстандық сарапшылар озық тәжірибе мен көміртексіз технологияларды алмасу мақсатында энергетикалық қауіпсіздік және жасыл технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бейілділігін растады. Осы бағыттағы бiрлескен күш-жiгер әртүрлi елдердiң ғылыми жетiстiктерi мен сараптамасын бiрiктiруге және зерттеулер мен әзiрлемелердiң сапасын, жылдамдығы мен тиiмдiлiгiн әлеуеттi түрде арттыруға мүмкiндiк бередi. Бұл тұрғыда Қазақстан климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту және оған бейімделу үшін жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейде бірлескен келісілген әрекеттерге шақырады.