Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның 28-ші экономикалық және экологиялық форумына алғашқы дайындық отырысына қатысты

Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның 28-ші экономикалық және экологиялық форумына алғашқы дайындық отырысына қатысты

Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның 28-ші экономикалық-экологиялық форумына алғашқы дайындық кездесуіне қатысты.

Іс-шара Венадағы халықаралық ұйымның штаб-пәтерінде өтті.

Күн тәртібінде – инновацияларды пайдалану, транспаренттілік пен цифрландыруды арттыру негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес арқылы ЕҚЫҰ аймағындағы қауіпсіздікті, тұрақтылықты және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Іс-шараға халықаралық ұйымдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволардың, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы даусыз жетістіктерге қарамастан, бұл мәселе әлемнің көптеген елдері үшін өзекті болып қала береді.

Конференцияның ашылу күні Қазақстанның Австриядағы Елшісі Қ.Ш. Сарыбай құттықтау өз сөзінде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нәтижелері туралы қысқаша атап өтіті (ГРЕКО-ға кіру, Алматыда 2019 жылдың қазанында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері мен талаптары» атты ЕҚЫҰ-ның конференциясын өткізу және т.б.).

Конференция барысында Агенттіктің Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалануымен, қазақстандық тәжірибесін таныстырды.

Анар Жарова сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатында цифрлық технологияларды белсенді енгізу маңызды болып табылатынын атап өтті. Жаңа технологияларды қолдану мемлекеттің ашықтығы мен есеп берушілігін қамтамасыз етеді, азаматтарға электрондық және мобильді форматтарда қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп, мемлекеттік органдардың клиенттік бағдарлануының басым міндетін көрсетеді.

Конференция қатысушылары Қазақстанның жаңа технологиялар мен құралдарды пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жетістіктерін оң бағалады.