Қазақстан мен Аустрияның мал өсірушілері ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Аустрияның мал өсірушілері ынтымақтастықты нығайтуда

Вена, 2024 жылғы 3-5 сәуір – Qazaqsut Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының Республикалық палата өкілдері сүт шаруашылығы саласындағы озық тәжірибені зерттеу мақсатымен Аустрияға сапар шекті. Делегация 20-дан астам ірі агроөнеркәсіптік компаниялардан тұратын Аустрияның ауыл шаруашылығы кластерінің (Austrian Agricultural Cluster) шақыруымен келді.

Сапар барысында қазақстандық фермерлер Төменгі Аустрия мен Штирияның ірі тауарлы сүт фермаларын аралап, ағымдағы үрдістер туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, делегация 1914 жылдан бастап ауыл шаруашылығының барлық салалар бойынша мамандар дайындайтын Пира қаласының танымал ауылшаруашылық техникумына барып, қазақстандық мал өсірушілер Lactosan жем өндіру компаниясы және Genostar Rinderbesamung ірі қара малдың генетикасын жеткізушісінің қызметтерімен танысты.

Венадағы Мал шаруашылығы үйінде делегация өкілдері сиырлардың симменталь тұқымын дамытуға негізделген мал шаруашылығындағы аустриялық тәсілдің ерекшеліктерімен таныстырылды.

Аталған сапар 2023 жылдың күзінде аустриялық делегацияның Қазақстанға шеккен сапарына қарымта болып, екі ел арасындағы мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.