АЭХА Басқарушылар кеңесі Қазақстанның егеменді теңдікті қалпына келтіру бастамасын қолдайды

АЭХА Басқарушылар кеңесі Қазақстанның егеменді теңдікті қалпына келтіру бастамасын қолдайды

Вена қ., 2024 жылғы 8 наурыз – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Басқарушылар кеңесі АЭХА-да мүше мемлекеттердің егеменді теңдігін қалпына келтіру мәселесін қарастырды. Бұл тармақ АЭХА Басқарушылар кеңесі наурыз айының сессиясының күн тәртібіне енгізілді.

Қазақстан Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде Агенттіктің басқарушы органдарында мемлекеттердің тең өкілдігі және халықаралық ұйымның консультативтік процесіне қатысу проблемасын тезірек шешудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Тұрақты өкіл өңірлік топтарға кірмейтін елдердің «Достар тобының» төрағасы, Словенияның Тұрақты өкіліне елдерді өңірлік топтарға енгізу жөніндегі критерийлер мен қағидаттарды дайындап, мүдделі елдермен белсенді келіссөздер жүргізгені үшін алғысын білдірді. Осыған байланысты ол мүше мемлекеттер мен АЭХА Хатшылығын Қазақстанның 2023 жылғы қыркүйекте ұсынған АЭХА Бас конференциясы 67-сессиясының (GC(67)/RES/15) қарарының ережелерін дереу орындауға шақырды.

АҚШ, РФ, ҚХР, Франция, Ұлыбритания, Еуропа Одағының барлық елдері, Канада, Уругвай, Түркия, Бразилия, Оңтүстік Африка және басқа да елдердің дипломатиялық миссия басшылары мен өкілдері қазақстандық бастаманы қолдап, АЭХА-дағы әділетсіз жағдайды тезірек шешу қажеттігін атап өтті.

Қазақстан БҰҰ және Агенттіктің Жарғысына сәйкес АЭХА-да егеменді теңдікті қалпына келтіруді ілгерілетуді жалғастыратын болады.