
Вена, 2024 жылғы 27 ақпан – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі Басқарушылар кеңесінің наурыз айындағы сессиясы қарсаңында Агенттік өңірлік топтарына кірмейтін мемлекеттер тобы АЭХА Басқарушылар кеңесінің төрағасы, Аргентина Тұрақты өкілі Холгер Федерико Мартинсенмен кездесу өткізді. Мұндай форматтағы кездесулер өткен жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан бастамасымен өтуде.
Кездесу барысында Қазақстан Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді қатысушыларды «АЭХА-да мүше-мемлекеттердің егеменді теңдігін қалпына келтіру туралы» тармағын алдағы отырыстың күн тәртібіне енгізуге бастамашылық жасағанын хабарлады. Қазақстандық дипломатиялық миссия басшысының айтуынша, мұндай әрекет АЭХА Бас конференциясының GC(67)/RES/15 қарарын жүзеге асыру шеңберінде Агенттіктің басшылық органдары жұмысына қатысу мәселесін шешуге бағытталған.
Сонымен қатар, Мұхтар Тілеуберді ешқандай өңірлік топтарға кірмейтін «Достар тобының» төрағасы, Словения Тұрақты өкілі Барбара Жвокельге көшбасшылығы және тиісті шешім табуға белсенді жұмысы үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде, Барбара Жвокель қазақстандық тармақ бойынша атқарылған жұмыс және мәселені тиімді ілгерілету жөніндегі алдағы жоспарлар туралы егжей-тегжейлі брифингпен сөз сөйлеу ниеті туралы хабарлады.
Кездесуге қатысушылар Словения төрағалығымен «Достар тобының» мандатын белсенді қолдауға келісті.