Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күресті күшейту жөніндегі ынтымақтастығы

Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күресті күшейту жөніндегі ынтымақтастығы

Вена, 2024 жылғы 23 ақпан – Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ-ның Арнайы өкілі, адам саудасына қарсы күрес жөніндегі үйлестірушісі Кари Джонстонмен кездесу өткізді.

Қазақстандық дипломат құлдық пен адам саудасына қарсы күрес мәселесі ел басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Қазақстан аталған бағыт бойынша халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастыққа маңызды мән беруде.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі үйлестірушісі кеңсесі арасындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын, атап айтқанда, заңнаманы жетілдіру және осы саладағы құқық қорғау органдарының әлеуетін күшейту мәселелері талқылады.