Аустрия темір жолы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Аустрия темір жолы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Вена, 2024 жылғы 21 ақпан – Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия темір жолы (ÖBB) Басқарма төрағасы Андреас Маттэ және Rail Cargo Басқарма мүшесі Кристоф Грасльмен кездесті.

Тараптар транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықтың кең ауқымын талқылады. Қазақстанның транзиттік әлеуетін және Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға ерекше назар аударылды. Аустриялық тарапы қазақстандық ҚТЖ компаниясымен белсенді байланыс орнатып, өзінің Орталық Азия өңіріндегі іс-әрекетін дамытуға ниетті. Елші М. Тілеуберді сұхбаттасушыларды теміржол желісін дамыту, сондай-ақ контейнерлік паркті жаңарту бойынша Қазақстан Үкіметінің іске асырылып отырған реформалары мен міндеттері туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысында әңгімелесушілер ТХКБ бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемін ұлғайту мақсатында Қазақстан мен Аустрияның темір жол әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

100 жылдық тарихы бар ÖBB компаниясы Аустрияның ең ірі жұмыс берушілерінің бірі (40 мың қызметкер). Аустрия темір жолы холдингтік компаниядан және инфрақұрылымдық, жолаушылар және жүк тасымалымен айналысатын меншікті акционерлік қоғамдардан, сондай-ақ бейінді емес еншілес компаниялардан құрылған.