АЭХА мүше-мемлекеттері ICONS-2024 конференциясының басымдықтарын белгіледі

АЭХА мүше-мемлекеттері ICONS-2024 конференциясының басымдықтарын белгіледі

Вена, 2024 жылғы 20 ақпан - Қазақстан мен Аустралияның төрағалығымен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференциясында (ICONS-2024) қабылданатын Министрлік декларацияны әзірлеуге арналған ашық құрамдағы жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Жан-жақты пікір алмасу барысында АЭХА мүше- мемлекеттерінің өкілдері ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы негізгі басымдықтарды белгілеп, конференцияның қорытынды құжатын дайындау бойынша жұмыс әдістемесін талқылады.

Тараптар қазіргі заманғы ғылыми-техникалық әзірлемелерді, жасанды интеллект мүмкіндіктерін және төтенше жағдайлар кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, декларация мәтінін жаңартудың маңыздылығын атап өтті.

АЭХА мүше-мемлекеттерінің делегациялары келіссөздердің келесі раундтары барысында субстантивті пікірталастарды ашық құрамдағы жұмыс тобы форматында жалғастырады.