
Вена, 2024 жылғы 19 ақпан – Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия еуропалық және қауіпсіздік саясат институтының басқарма мүшесі, аустриялық дипломат Мартин Сайдикпен кездесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан-Аустрия екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша, олардағы халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның рөлі жөнінде пікір алмасты.
Сонымен бірге, тараптар халықаралық саясат мәселелері бойынша ақпарат алмасуға және ғылыми-зерттеу қызметі аясында тәжірибе алмасуға ықпал ететін Қазақстан мен Аустрияның талдау орталықтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
1996 жылы Аустрия еуропалық және қауіпсіздік саясат институты (AIES) тәуелсіз зерттеу орталығы ретінде құрылып, 25 жылдан астам сараптамалық пікірлер мен ұсыныстар әзірлеп, қауіпсіздік, қорғаныс және сыртқы саясат бойынша зерттеулер жүргізуде.