
Вена, 2024 жылғы 14 ақпан – Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия-Қазақстан қоғамының (АҚҚ) басшылығы – Президенті Г. Ланский, Вице-президенті В. Хесун және Бас хатшысы Д. Фелльнермен кездесу өткізді.
Қоғам 2012 жылы ҚР-дың Венадағы Елшілігінің бастамасымен және Қазақстанның Аустрия азаматтары арасынан шыққан достарының қолдауымен құрылды. Өткен кезеңде АҚҚ іскер топтармен тақырыптық дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер және т.б. іс-шаралар сериясын ұйымдастырды.
Тараптар ынтымақтастықтың кең ауқымын талқылап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл іс-шараларын ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтті. Аустрия Экономикалық Палатаның Вице-президенті В. Хесун Қазақстан экономикасының қарқынды дамуын және екіжақты ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан деңгейін назарға алды.
Елші М. Тілеуберді сұхбаттасушыларды Қазақстанда іске асырылып жатқан реформалар және ағымдағы жылы жоспарланған халықаралық іс-шаралар туралы хабардар етті.
Кездесу соңында әңгімелесушілер қоғамның жұмысын жандандыруға келісіп, үстіміздегі жылға арналған жоспарларды белгіледі.