Қазақстан және Вена қарусыздану және таратпау орталығы белсенді ынтымақтастыққа ынталы

Қазақстан және Вена қарусыздану және таратпау орталығы белсенді ынтымақтастыққа ынталы

Вена, 2024 жылғы 16 ақпан - Қазақстанның Вена қ. халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Вена қарусыздану және таратпау орталығының (VCDNP) директоры Елена Соковамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұрақты Өкілі Орталықтың жұмысымен танысып, Орталық базасында ядролық қарусыздану және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану тақырыбында бірлескен іс-шаралар өткізуді қоса алғанда, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

VCDNP басшысы Қазақстанның қарусыздану, таратпау және ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық платформалардағы белсенді рөлін, оның ішінде ЯҚТШ, ЯҚТСШ және АЭХА-ның негізгі конференцияларына төрағалығын жоғары бағалады. Бұл тұрғыда, тараптар Қазақстан мен Аустралияның тең төрағалығымен өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі АЭХА-ның алдағы конференциясы (ICONS-2024) шеңберінде панельдік сессия өткізу, сондай-ақ қазақстандық дипломаттар мен қадағалаушы органдар үшін тренингтер ұйымдастыру жоспарларын талқылады.

Қазақстан аталмыш Орталықпен 2010 жылы Аустрия Сыртқы істер министрлігімен бастамасымен құрылған сәттен бастап табысты өзара іс-қимыл жасайды. Орталық ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы тәуелсіз талдау мен диалог үшін платформа ұсынумен айналысады, басқа академиялық және үкіметтік емес мекемелермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен таратпау және қарусыздану саласында зерттеулер, ақпараттық-ағарту қызметі, білім беру және кадрлар даярлау жүргізуде ынтымақтасады.

Орталықпен бірлескен жұмыс шеңберінде әр жылдары VCDNP жұмыс тобының құрамындағы Қазақстан өкілдері ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастық тақырыбында баяндама дайындауға өз үлестерін қосты және Орталықтың Консультативтік Кеңесінің қызметіне белсенді қатысты.