Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясында Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясында Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда

ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттері Орталық Азия елдерінің Ұйыммен  түрлі салалардағы ынтымақтастығы жөнінде, сондай-ақ өңір елдерінің ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимылы туралы хабардар етілді.

Биылғы 21 мамырда өткен ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесі отырысының барысында ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі және Душанбедегі Бағдарламалар офистері басшыларының есептері тыңдалды, олар ұйымға қатысушы елдерге өз миссияларының өткен жылы атқарған жұмысы туралы баяндап берді. Атап айтқанда, далалық миссиялар ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздіктің әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдеріндегі жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарын жалғастырды және, Қазақстаннан сарапшыларды да қатыстыра отырып, түрлі салалар бойынша Орталық Азияға назар аударылған бірқатар конференция мен семинар ұйымдастырды.

Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай өз мәлімдемесінде ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы өкілдіктері қызметінің маңыздылығын атап өтті және Орталық Азияда әлеуметтік-экономикалық дамуды ілгерілету және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ету мақсатында Ұйымның далалық миссияларын терроризммен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, шекаралар мен су ресурстарын басқару, сондай-ақ цифрландыруды дамыту, жасыл экономика, тиімді басқару мен қоршаған ортаны қорғау бағыттары бойынша күш-жігер синергиясына шақырды. ЕҚЫҰ далалық миссияларының COVID-19 індетімен күреске арнап қабылдаған шаралары, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің Қырғызстан мен Тәжікстанға осы сын-тегеурінмен күреске гуманитарлық көмегі оң бағасын алды.

Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі академиясы мен Душанбедегі ЕҚЫҰ-ның басшылық құрамына арналған Шекаралық колледждің қызметіне қолдау білдірді, өйткені бұл қызмет ұйымға қатысушы барлық елдердің мүддесіне жауап береді әрі өңірлік ықпалдастыққа,  кадрлардың біліктілігін арттыруға  және тәжірибе алмасуға ықпал етеді.