Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте озық машық пен тәжірибемен алмасу мақсатында Қазақстан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықтынығайтуға аса назар аударады. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен оқытуды қамтамасыз етудегі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның (ХСЖҚА) рөлі маңызды болып табылады.
2020 жылғы 15 мамырда Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Елші Қайрат Сарыбайдың төрағалығымен Академияның жалпы саясат мәселелері бойынша консультацияларды өткізу үшін тиімді алаң болып табылатын ХСЖҚА Ассамблеясы Бюросының онлайн форматта кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа Бюро мүшелері - Аустрия, Малайзия, Нигерия және Словакия өкілдері, сондай-ақ БҰҰ өңірлік топтарының төрағалары қатысты.
Тараптар Академияның қызметіне қатысты мәселелердің кең ауқымын, оның ішінде мекемені одан әрі дамыту жөніндегі жұмыс бағдарламасын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес саласындағы ағымдағы беталыстар мен басқа да өзекті мәселелерді қарастырды.
COVID-19 індетіне байланысты жиналысқа қатысушылар Ассамблеяның келесі сессиясын 2020 жылдың маусымында Сеулде өткізуден бас тартып, оны кейінге шегеру қажеттілігін мойындады.
Қазақстансыбайласжемқорлыққақарсытұруғабағытталғанреформалардыдәйектітүрдежүзегеасыруда, олТұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаеватапөткендей, «мемлекеттіңтиімділігінедегенсенімдісетінетедіжәнеұлттыққауіпсіздіккетөнгентікелейқатерболыпсаналады».
ХалықаралықсыбайласжемқорлыққақарсыакадемияменынтымақтастықжөніндегіҚазақстандағыуәкілеттімемлекеттік орган - 2018 жылдыңмамырайындаАкадемияменөзаратүсіністіктуралымеморандумғақолқойғанСыбайласжемқорлыққақарсыагенттік.Бұл құжат тренингтер мен семинарларды, сондай-ақ еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдерінің білімін арттыруға бағытталған басқа да шараларды өткізуді қарастырады.
Анықтама: Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияны құру Интерпол, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуропалық бюро (OLAF) бастамашылық етті және оның 79 қатысушы тарапы бар.
Қазақстанның Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиямен ынтымақтастығы практикалық мазмұнға толы. Еліміздің бастамасымен Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының қызметкерлері үшін оқу семинарлары ұйымдастырылды.