Қазақстанның «еститін мемлекет» тұжырымдамасының аясында жүргізіп жатқан реформалары ЕҚЫҰ-да таныстырылды

Қазақстанның «еститін мемлекет» тұжырымдамасының аясында  жүргізіп жатқан реформалары ЕҚЫҰ-да таныстырылды

14 мамыр, Вена. ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесі отырысының барысында Демократиялық институттар  мен адам құқықтары жөніндегі бюроның (ДИАҚБ) қызметін талқылаудың аясында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық танытқан «еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында саяси реформалар мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы таныстырылды. Қазіргі кезде Парламенттің қос палатасында бейбіт жиындар, парламенттік плюрализмнің дамуы, диффамацияны декриминализациялау секілді мәселелер бойынша тиісті заң жобалары жөніндегі жұмыстың жалғастырылып жатқаны атап өтілді. 

Тұрақты кеңестің 2020 жылғы 14 мамырдағы онлайн отырысында  ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры Ингибьёрг Гисладоттир мен ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы Жобалар Үйлестірушісі Джон МакГрегордың баяндамалары тыңдалып, өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы өз есептерін ұсынды және ұйымға қатысушы елдерді COVID-19 індетінің таралуы жағдайында қабылданып жатқан шаралары жөнінде хабардар етті.

Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Сарыбай  Қазақстанның мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам ДИАҚБ-мен  сайлауларды бақылау, заңның үстемдігін ілгерілету және демократияландыру, төзімділік және дискриминализацияламау секілді бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бұл маңызды мәселелердің  дамуына Қазақстан биліктері тарапынан елеулі назар аударылып отырғанын атай келе, ДИАҚБ-нің ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерге осы салаларда ықпал ету және сараптамалық білім беру мандатына қолдау білдірді.

ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы Жобалар Үйлестіруші басшысының баяндамасына қарымта мәлімдеме ретінде Қазақстан делегациясы Орталық Азиядағы достық пен ынтымақтастықтың жаңа атмосферасын атап өте, ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы далалық миссияларының жемісті өзара іс-әрекетін құптады және Үйлестіруші офисі ұйымдастырған іс-шараларға Қазақстаннан сарапшылар тартқаны үшін ризашылық білдірді.    

ЕҚЫҰ қатысушы елдерге Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің Сардоба су қоймасындағы техногендік апаттың зардаптарын жою жөніндегі бірлескен шаралары туралы ақпарат жеткізілді. Атап айтқанда, екі ел үкіметтерінің басшылары Түркістан облысының Мырзакент ауылында су тасқынынан зардап шеккен 500 отбасына арналған жаңа ықшам ауданның салынуына бастау бергені атап өтілді.