
Вена, 2023 жылғы 5 қазан – Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Фара Каримимен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар Ұйым шеңберіндегі парламентаралық өзара іс-қимылдың басымдықтары мен перспективаларын талқылады. ЕҚЫҰ ПА Арнайы өкілі Қазақстанның ЕҚЫҰ мен оның Парламенттік Ассамблеясының белсенді мүшесі ретіндегі оң рөлін ерекше атап өтті.
Өз кезегінде қазақстандық дипломат парламентаралық байланыстардың маңыздылығын атап өтіп, бұл тұрғыда парламенттік дипломатияның орнын назарға алды. Сондай-ақ, М. Тілеуберді Қазақстандағы ауқымды демократиялық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, оның шеңберінде ҚР Парламентінің өкілеттіктері кеңейтіліп, күшейтіліп, саяси партиялардың рөлі артып келетіні туралы хабардар етті.