Қазақстанның Тұрақты өкілі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясында сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Тұрақты өкілі  Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясында  сенім грамоталарын тапсырды

Лаксенбург қ., 2023 ж. 18 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясы ректорының міндетін атқарушы Ярослав Петрушевичке сенім грамоталарын тапсырды.

Сұхбат барысында Я.Петрушевич Қазақстанмен табысты ынтымақтастықты атап өтіп, болашақтағы өзара әрекеттестік перспективаларымен бөлісіп, Қазақстан Үкіметіне Академия қызметін, соның ішінде ерікті жарналар бөлу арқылы қолдап жүргені үшін алғысын білдірді.

Тұрақты өкіл Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қамтылған еліміздің даму басымдықтары туралы егжей-тегжейлі хабарлап, Академиямен тиімді ынтымақтастықты тереңдету ниетін білдірді.