Қазақстан Тұрақты өкілі ЮНИДО жанында аккредиттелді

Қазақстан Тұрақты өкілі ЮНИДО жанында аккредиттелді

Вена, 2023 жылғы 13 қыркүйек – Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Ұлттардың Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) Бас директоры Герд Мюллерге сенім грамоталарын тапсырды.

Екіжақты сұхбат барысында ЮНИДО Басшысы Қазақстанмен табысты ынтымақтастықты атап өтіп, болашақтағы өзара әрекеттестік перспективаларымен бөлісті.

Өз кезегінде, М.Тілеуберді Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қамтылған еліміздің даму басымдықтары туралы хабарлап, ЮНИДО-мен өндірістік даму және жасыл технологиялар саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету ниетін білдірді.