
8 мамыр күні Eлші Қ.Сарыбай бастаған Аустриядағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Венаның орталық зиратындағы Кеңес Одағының жауынгерлеріне арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Кейін қала орталығында Шварценберг көшесінде орналасқан азат етуші Кеңес жауынгерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
1945 жылы Кеңес әскерлері антигитлерлік коалиция елдерімен бірге екінші дүниежүзілік соғыстың қара беттерін төңкеріп, бүкіл ғаламшардың тағдырын шешті. Бұл ондаған миллион адамның өмірін қиған адамзат тарихындағы ең қанды соғыс болды.
Қазақстан халқы ортақ жеңіске өзінің баға жетпес үлесін қосты. Қазақстандықтар соғыстың барлық майдандарында ерлікпен шайқасты, олардың жартысы үйге оралмаған.
Бес жүзден астам қазақстандық, оның ішінде үш қыз батыр атағына ие болды. Олардың ерлігі мен батылдығы жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді.
Қазақстан әскерді жабдықтауда ерекше рөл атқарды. Соғыс жылдарында біздің республикамызға жүздеген зауыттар мен фабрикалар эвакуацияланды.
Тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегінің арқасында Қазақстан майданға мыңдаған киім-кешек вагондарын және азық-түлік өнімдерін жіберді. Он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылды.
Сол кезден бастап 75 жыл өтті, бірақ әлемді фашизмнен азат еткен батырлар ерлігінің ұлылығы жылдар бойы сөнбес.