Вена, ү.ж. 30 сәуір. ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің цифрлы форматта өткен отырысының барысында ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар офисінің Басшысы Дьердь Сабоның соңғы 11 айда атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалып, онда Қазақстанның қоғам өмірінің түрлі салаларында жүргізіп жатқан реформалары мен Ұйыммен ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді.
ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы миссиясының басшысы Офистің ЕҚЫҰ өкілдігінің мандатына және қабылдаушы елдің стратегиялық жаспарларына сәйкес, ҚР Сыртқы істер министрлігімен тығыз үйлесімде Қазақстан Республикасының билігімен және азаматтық секторымен табысты, көп қырлы және серпінді ынтымақтастықты атап өтті.
ҚР-дың ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қ.Сарыбай Офистің ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы басқа далалық миссияларымен және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы және Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы сияқты өңірлік құрылымдармен ынтымақтастық жөніндегі жұмысын жоғары бағалады. Атап айтқанда, Елші Қ.Сарыбай 2019 жылғы қазан айында Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ үшін ағымдағы қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді талқылауға арналған маңызды алаң болған Ауғанстан бойынша жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелді ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.
Қазақстан Елшісі Ұйымға 30 жылға тарта мүшеліктің және ЕҚЫҰ-ның далалық миссиясының елде 1998 жылдан бері болуының табысты тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықтың жаңа түрлерін дамытуға ниетті екендігін жеке атап өтті. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласында барлық 57қатысушы мемлекеттің мүдделеріне қызмет ететін ЕҚЫҰ-ның Тұрақты өзара байланыстық жөніндегі Тақырыптық орталығын құру бастамасы Ванкуверден Владивостокқа дейін оның бүкіл өңіріндегі экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті нығайтудағы ЕҚЫҰ-ның рөлін арттыратын эволюциялық кезең және жаңа қадам ретінде қарастырылады. Бұл бастама коронавирус пандемиясы жағдайында экономикалық және басқа да байланыстардың үзілуінің теріс зардаптарын барынша азайтуға мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу үшін, ЕҚЫҰ-ның бүкіл кеңістігінде тұрақты өзара байланыстылықты қамтамасыз ету мақсатында айрықша өзекті.
Қазақстанның ұсынысы ЕҚЫҰ-ның бірқатар қатысушы мемлекеттері тарапынан қолдау тапты және оның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.