ҚР құқық қорғау органдары Венада виртуалды активтерді терроризм үшін пайдалануға қарсы іс-қимыл бойынша тренингтен өтуде

ҚР құқық қорғау органдары Венада виртуалды активтерді терроризм үшін пайдалануға қарсы іс-қимыл бойынша тренингтен өтуде

Вена, 2023 жылғы 31 шілде – 4 тамыз – Аустрия астанасында Еуропа Одағы қаржыландыратын, Орталық Азиядағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жобасының (LEICA) қылмыстық виртуалды активтерді тиімді қадағалау және мұздату саласындағы семинары өтуде.

Іс-шараның ашылу рәсімінде ҚР Аустриядағы Елшілігінің кеңесшісі О.Тоғызбаев сөз сөйлеп, терроризм, киберқауіпсіздік және т.б. саласындағы проблемалардың өзектілігіне байланысты Қазақстанның LEICA жобасына зор маңыз бергенін атап өтіп, оның ұзартуына үміт білдірді.

Іс-шара аясында LEICA мен БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының жаттықтырушылары террористердің немесе террористік топтардың қызметін анықтауға, жолын кесуге және тергеуге жауапты Қазақстанның құқық қорғау органдары мен прокуратурасының өкілдері үшін оқыту жүргізеді. Сонымен қатар, қатысушылар ЕҚЫҰ мен БҰҰ-ның тиісті бөлімдеріне барады.