Вена, 2023 жылғы 16 маусым – 2023 жылғы 12-16 маусым кезеңінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Ұ.Байжанов бастаған Қазақстан делегациясы Вена қаласында БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы шеңберінде БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы ұйымдастырған отырыстарға қатысты.
Сапар барысында қазақстандық прокурорлар сыбайлас жемқорлық тектес активтерді қайтару мәселелері бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Еуропалық аудиторлар сотының өкілдерімен, Еуропа, Азия және басқа да юрисдикциялардың құқық қорғау органдарымен келіссөздер жүргізді.
Сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ Сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бөлімшесінің басшылығымен және БҰҰ ЕҚБ мен Дүниежүзілік банктің Ұрланған активтерді қайтару жөніндегі бастамасымен (Star бастамасы) кездесу өткізілді. Нәтижесінде StAR бастамасы Қазақстанның мемлекеттік органдарына активтерді қайтару жөніндегі қазіргі заманғы институттарды тиімді іске асыруда жәрдем көрсететіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.