Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Венадағы ОПЕК+ кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Венадағы ОПЕК+ кездесуіне қатысты

2023 жылғы 4 маусым, Вена – ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған делегация Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК) қатысушы елдердің және ОПЕК-ке кірмейтін елдердің 35-министрлік кездесуіне, сондай-ақ ұйымның Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 49-отырысына қатысты.

Отырыс барысында 2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін тәулігіне 40,46 млн баррельге дейін жалпы мұнай өндіру деңгейін түзету туралы шешім қабылданды. Қазақстан үшін өндіру деңгейі тәулігіне 1,628 млн баррельді құрайтын болады. Қатысушылар ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі міндеттемелерді сақтаудың маңыздылығын да атап өтті.

Келесі 36-министрлік кездесу 2023 жылғы 26 қарашада Венада өтеді.