Құрметті Ханымдар мен Мырзалар

Құрметті Ханымдар мен Мырзалар

Бұл шара Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №220 қаулысымен «Көшіп келушілердің ҚР-ға келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстаннан кетуінің қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысының 17-тармағында көрсетілген 57 мемлекеттің азаматтары үшін, ҚР-мен визасыз режим орнату туралы екіжақты келісімдер бар БАӘ, Корея Республикасын, Түркияны қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағында 30 күндік мерзімге дейін біржақты негізде орнатылған визасыз болу тәртібі уақытша тоқтатылады. Сонымен бірге, қаулының 26-1 тармақтарында белгіленген Қытай Халық Республикасы және Үндістан Республикасы азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режимін тоқтату мерзімі 2020 жылғы 1 шілдеден 2020 жылғы 1 қарашаға дейін ұзартылды.

Қаулы 2020 жылдың 17 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді.

Аталған елдердің азаматтары ҚР-ға келу үшін ҚР СІМ-нің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларымен орнатылған тәртібі бойынша ҚР тиісті санаттағы визаларын алулары қажет. Сондай-ақ, виза рәсімдеу барысында шетел азаматында коронавирус инфекциясының жоқ екенін растайтын соңғы 48 сағатта алынған медициналық анықтама болуы тиіс.