Вена қаласын фашизмнен азат етудің 75 жылдығына орай, 2020 жылдың 13 сәуірінде Аустрия астанасының Шварценбергплац орталық алаңында орналасқан кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалға гүл шоқтары қойылды. Бұл шараға Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елшіліктері қатысты. Аустрия Федералды үкіметінің коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі шектеулі шараларына байланысты Қазақстан делегациясын Қазақстанның Аустриядағы Әскери атташесі, полковник Руслан Жақыпов басқарды.
Кеңес әскерлеріне арналған ескерткіш 1945 жылы салынған. Бұл мүсіндік құрылыс нацизмнен босату символын бейнелейді.
Аустрия астанасы үшін шайқаста 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері мен офицерлері қаза болды, оның ішінде мыңдағаны - қазақстандық жауынгерлер. Соғыс жылдары Қазақстаннан шамамен 1,5 миллион адам майданға аттанды, олардың жартысына жуығы үйге оралған жоқ.
Қазақстанда сол күндердегі ерлік пен қайғылы оқиғаларды біледі және ұмытқан емес. Өз өмірлерін құрбандыққа шалып, Аустрия халқына бейбітшілік және тәуелсіздік әкеліп, Еуропаны фашистік әскерлерден босатқан кеңес жауынгерлерін Аустрияда еске алып, құрметпен қарайтыны, өте маңызды.