Вена, 2023 жылғы 27 сәуір – Аустрия астанасында ЕҚЫҰ Бас хатшысы мен Орталық Азия шекара қызметтері қолбасшыларының форумы өз жұмысын бастады.
Іс-шарада шекаралардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелері, соның ішінде Ауғанстаннан келетін тәуекелдер мен сын-қатерлер және олардың Орталық Азия мен одан тыс жерлерге тигізетін зардаптары, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты нығайту жолдары және ЕҚЫҰ-ның осы аймақта атқара алатын рөлі талқылануда.
Форум отырысына Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов бастаған Қазақстанның делегациясы қатысуда.
Қазақстандық делегация басшысы форум отырысының бірінші күнінде сөйлеген сөзінде әлемдегі геосаяси жағдайы, сондай-ақ лаңкестік қаупін және болжамды шетелдік лаңкестік жауынгерлердің қозғалысы, трансшекаралық заңсыз қару-жарақ, есірткі және адам саудасы айналымы мәселесі Қазақстанда ерекше назар аударылатынын атап өтті. Бұл тұрғыда ЕҚЫҰ бағдарламалары арқылы өңірдегі қауіпсіздікті нығайтуға қолдау көрсеткен үшін алғысын білдірді.
Форум аясында Қазақстан делегациясы басшысының ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен екіжақты кездесуі жоспарлануда.
Іс-шара өз жұмысын ү.ж. 28 сәуірде аяқтауды көздеуде.