
Вена, 2023 жылғы 7 наурыз – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қарсаңында Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінде гибридтті форматта аустриялық жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесу өтті.
Дипломатиялық миссияның басшысы Әлібек Бақаев жас қазақстандықтарды ҚР Президенті Қ. Тоқаев жүргізіп жатқан конституциялық реформалармен, қазіргі сайлау процесінің және саяси партиялардың жұмысының жаңа өзгерістерімен таныстырды.
Елші жаңартылған Мәжіліс неғұрлым өкілді және белсенді болады, ол өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікірталас жүргізетін алаңға айналады деп күтілуде екенін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Ә. Бақаев студенттерді алдағы сайлау күні өзінің конституциялық құқығын белсенді түрде іске асыруға және Әділетті Қазақстанды құруға белсенді қатысуға шақырды.