
2020 жылы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 16 наурыз сағат08:00-ден 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 07:00 кезеңінде республикада төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Аталған Жарлықтың 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленеді.
Қазақстан Республикасының аумағына кіруге шектеу тек қана шетелдік азаматтарға қатысты, ал елге қайтатын ҚР азаматтарына шектеу жоқ.
Ү.ж. 16 наурызында Аустрия Үкіметі коронавирусқа байланысты елде жүріп-тұруға шектеу жариялады. Бұл коронавирус таралуының алдын алу үшін жасалған шара болғандықтан, барлық ҚР азаматтарын дүрлікпеуге шақырамыз. Елде барлық университеттер карантинге жабылды, студенттерді қашықтан оқытуға көшті.
Аустрия Үкіметі қабылдаған осы және тағы басқа шаралардың барлығы коронавирустың таралуына жол бермеуге бағытталған. Элементарлық гигиена талаптарын сақтау, адам көп жиналған орындарға бармау, көлік қоғамдарын пайдаланбау және иммунитетті күшейту қажет.
Өкінішке орай, вирус әлемнің көптеген елдеріне таралды. Егер сіз Қазақстанға оралғыңыз келсе, барлық авиакомпаниялар рейстерін тоқтатқан жоқ. Қазіргі таңда Аустриядан Қазақстанға «Эйр Астана» (Майндағы Франкфурт), «Аэрофлот» (Мәскеу арқылы) и «WizzAir» (Будапешт арқылы)авиакомпаниялары тікелей рейстерді жүзеге асыруда. Алайда елдер арасындағы авиақатынастардың тез өзгеретін жағдайын ескере отырып, аталған авиакомпаниялардың өкілдіктері арқылы ұшу кестелері туралы ақпаратты қосымша нақтылау қажет.
Назар аударыңыз, кез келген жағдайда таңдау Сіздің шешіміңізбен болады. Дегенмен, коронавирустың таралуын болдырмау үшін жол жүрмеуге және студенттерге оқу орындары беретін ұстанымдарды сақтауға шақырамыз.
ҚР Венадағы Елшілігі жанында Аустрия және Словениядағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел желі» телефоны іске қосылғанын хабарлаймыз: + 43 890 80 08 37, сондай-ақКонсулдың тел.нөмірі: +43 (1) 890 80 08 14/37, +43 676 674 90 76.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанында да «жедел желі» телефоны жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Жұмыс уақыты кезінде Қазақстан азаматтары келесі нөмірлерге байланыса алады: + 7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Демалыс және жұмыс уақытынан тыс мезгілде: +7 (7172) 72-01-11.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде тәулік бойы байланыста болатын 1406 байланыс орталығы құрылды (Қазақстан Республикасының аумағынан қоңырау шалу үшін), +7 (7172) 76-43-80 (Қазақстан Республикасының аумағынан және шетелдерден қоңырау шалу үшін). Аталған телефон нөмірлері арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары әлемде коронавирустың таралуы туралы, сондай-ақ алдын алу шаралары және аурудың негізгі белгілері туралы барлық қажетті ақпаратты ала алады.Тыныс алу жүйесі ауруының алғашқы белгілері пайда болған кезде (дене қызбасы, жөтел, ентігу, әлсіздік) дереу отбасылық дәрігерге (general practitioner doctor) жүгіну қажет. Науқастың жағдайы ауыр болған жағдайда, коронавирус бойынша «жедел желі» телефоны«1450» хабарласуды және қосымша Елшілікті (+43 (1) 890 80 08 14/37, +43 676 674 90 76)хабардар ету қажет.
Оған қоса, барлық ақпаратты Аустрияның коронавирус туралы ақпараттық беттерінен алуға болады (https://www.sozialministerium.at/Informationen-zum-Coronavirus/Neuartiges-Coronavirus-(2019-nCov).html).
Құрметті Отандастар, қазіргі жағдай толық шешілгенше барлықтарыңызды тағы да сабыр мен төзімділікке шақырамыз. ҚР Вена қаласындағы Елшілігі аталған мәселені бақылауда ұстап отыр және барлық өзгерістер туралы ақпарат беріп отырады.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігі