Венада Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар циклін аяқтайтын көрме өтуде

Венада Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар циклін аяқтайтын көрме өтуде

Вена, 2022 жылғы 6 желтоқсан – 2022 жылғы 5-16 желтоқсан аралығында БҰҰ-ның Вена бөлімшесінде Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар циклін аяқтайтын тақырыптық көрме өтуде. Экспозицияға қарар мәтіндері, ресми хаттар, фотосуреттер және мұрағаттық бейнелер сияқты материалдар кірді.

Көрмеде дүниежүзілік ұйыммен ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері, соның ішінде БҰҰ Бас хатшысының Қазақстанға сапарлары, елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі мүшелігі, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн деп жариялау және т.б. бар.

БҰҰ ғимаратының қызметкерлері мен қонақтары, шетелдік дипломаттар мен журналистер және Венадағы халықаралық ұйымдарда тәжірибеден өтіп жатқан студенттер келесі аптаның соңына дейін көрмені тамашалай алады.