
Вена, 2022 жылғы 25 қараша – Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Әлібек Бақаев жетекші аустриялық БАҚ өкілдері үшін Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау қорытындылары мен елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға арналған брифинг өткізді.
Қазақстандық дипломатпен сұхбаттасуға «APA-OTS» ұлттық ақпарат агенттігінің сыртқы саясат бөлімінің басшысы, «ORF» телерадиокомпаниясының, «Kurier» күнделікті газетінің өкілдері және т.б. қатысты.
Брифинг барысында Ә. Бақаев журналистерге кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындылары, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасынан туындайтын елді одан әрі демократияландыруға бағытталған қадамдар туралы егжей-тегжейлі таныстырды.
Сондай-ақ, баспасөз өкілдері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде, оның ішінде Венадағы Қазақстанның Елшілігі жанынан сайлау учаскесі ұйымдастырылып, онда сайлау күні Аустрияда тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, әсіресе жастардың дауыс беруге белсенді қатысуы туралы хабардар болды. Олардың көпшілігі елдегі сайлаудың нәтижесін көрсететін қазіргі Мемлекет басшысын қолдайтындықтарын білдірді.
Кездесу аясында ҚР Елшісі Қазақстан және Аустрия екіжақты ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы атап өтті.
Ә. Бақаев Қазақстандағы және әлемдегі қазіргі жағдайға қатысты журналистерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Бұл тұрғыда, журналист Г. Шрайберхубер жақында Қазақстан астанасына сайлауға барған сапарынан алған әсерімен бөлісті.