ҚР-дың Аустриядағы Елшісі Әлібек Бақаевтың Аустрия Республикасы СІМ Бас хатшысы Петер Лаунски-Тиффентальмен кездесуі өтті

ҚР-дың Аустриядағы Елшісі Әлібек Бақаевтың Аустрия Республикасы СІМ Бас хатшысы Петер Лаунски-Тиффентальмен кездесуі өтті

ҚР-дың Аустриядағы Елшісі Әлібек Бақаевтың Аустрия Республикасы СІМ Бас хатшысы Петер Лаунски-Тиффентальмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, қатынастарды кеңейту мен белсендіруге мүдделілік танытты. Денсаулық сақтау, транзиттік-көліктік өзара іс-қимыл және әуе қатынасы салаларындағы жобаларды іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Елші Ә.Бақаев Қазақстан мен Аустрия көшбасшыларының ү.ж. қыркүйегінде Нью-Йорк қ. БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы аясында өткен жемісті пікір алмасуын атап өтті. Кездесу барысында мемлекет басшылары өзара жоғарғы деңгейдегі сапарлар мәселесін талқылады.

Бас хатшы П. Лаунски-Тиффенталь Қазақстан мен Аустрия көпжақты форматта, әсіресе қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу және ядролық қаруды таратпау мәселелерінде тығыз ынтымақтастықта екенін атап өтті.

Сонымен қатар, аустриялық тарапы Еуразия континентіндегі қауіпсіздік мәселелерінің негізгі алаңы болып табылатын ЕҚЫҰ қызметіне белсенді үлес қосқан үшін Қазақстанға алғыс білдірді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша белсенді диалог жүргізу ниетін растады.