Аустрияның атақты залдарында қазақстандық музыканттардың бірқатар концерттері өтті

Аустрияның атақты залдарында қазақстандық музыканттардың бірқатар концерттері өтті

Вена-Клагенфурт, 2022 жылғы 9-10 қараша – Еуропадағы классикалық музыканың ең танымал концерттік алаңдарының бірі болып табылатын Аустрия астанасының Концертхаус сахнасында, сондай-ақ Аустрияның ең танымал қалаларының бірі – Клагенфуртте қазақстандық музыканттардың орындауындағы шығармалар орындалды.

Концерттік бағдарлама Республика күнін мерекелеу және Қазақстан мен Аустрия арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Венадағы Елшілігі мен Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Әлібек Бақаев екіжақты ынтымақтастықтың түрлі салаларында, оның ішінде Қазақстан мен Аустрияның халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамытуының маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Аустрия Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры, Аустрияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Герхард Зайллер Аустрияның Орталық Азия өңірімен қатынасындағы Қазақстанның жетекші рөлі туралы айтты.

Дирижер Айдар Торыбаевтың көркемдік жетекшілігімен ҚР Халық әртісі, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның Еуразиялық симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетуі, кештің шарықтау шегіне жетті.

Сондай-ақ, «Серпер» ансамблінің орындауындағы қазақтың ұлттық аспап – домбыра да жергілікті көрермендерін ерекше қуанышқа бөледі.

Классикалық музыканың өнер сүйер қауымы дуниежүзілік танымал композиторлар Рихард Вагнер, Сергей Прокофьев және қазақ композиторлары Ахмет Жұбанов, Тлес Қажығалиев және Ғазиза Жұбанованың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды.

Концерттер Альпі республикасының тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды.