
2022 жылғы 20 қарашада «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Елшілігі жанында Prinz-Eugen-Straße 32, 1040 Wien мекенжайы бойынша № 240 сайлау учаскесі құрылды (дауыс беру уақыты қосымша хабарланады).
Сайлауға қатысу үшін Аустрия мен Словения аумағында уақытша және/немесе тұрақты тұратын ҚР азаматтары жоғарыда көрсетілген сайлау учаскесіне сайлаушылар ретінде алдын ала тіркелуі қажет.
Тіркелу үшін 240uchaskesi@gmail.com электрондық поштасына өзіңіздің жеке деректерін жіберуге (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Аустрияда/Словенияда тұратын мекенжайы) болады. Көрсетілген электрондық мекенжайға қатысуыңыз/қатыспауыңыз туралы хабарлауды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар бойынша көрсетілген электрондық поштаға немесе келесі телефондарға хабарласуға болады: +431890800819, +431890800812, +431890800826, +431890800841 (жұмыс уақытында 07:00-ден 20:00-ге дейін).
Сайлауға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтары (өзімен бірге жарамды төлқұжатын алып келуі керек) қатыса алады.
Қосымша ақпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясының веб-парақшасында орналасқан: https://www.election.gov.kz