Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалған Әлібек Бақаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалған Әлібек Бақаевты қабылдады

Президент Қазақстанның Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған Әлібек Бақаевты қабылдады. Кездесуде Аустриямен және салалық халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың қарқынын арттырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән беру қажет екені айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілеріне серіктес мемлекеттермен арадағы екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.