Құрметті Аустрияда және Словенияда уақытша жүрген немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары!

Құрметті Аустрияда және Словенияда уақытша жүрген немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары!

2022 жылғы 20 қарашада «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Елшілігі жанында Prinz-Eugen-Straße 32, 1040 Wien мекенжайы бойынша № 240 сайлау учаскесі құрылды (дауыс беру уақыты қосымша хабарланады).

Сайлауға қатысу үшін Аустрия мен Словения аумағында уақытша және/немесе тұрақты тұратын ҚР азаматтары жоғарыда көрсетілген сайлау учаскесіне сайлаушылар ретінде алдын ала тіркелуі қажет.

Тіркелу үшін 240uchaskesi@gmail.com электрондық поштасына өзіңіздің жеке деректерін жіберуге (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Аустрияда/Словенияда тұратын мекенжайы) болады. Көрсетілген электрондық мекенжайға қатысуыңыз/қатыспауыңыз туралы хабарлауды сұраймыз.

Қосымша сұрақтар бойынша көрсетілген электрондық поштаға немесе келесі телефондарға хабарласуға болады: +431890800819, +431890800812, +431890800826, +431890800841 (жұмыс уақытында 07:00-ден 20:00-ге дейін).

Сайлауға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтары (өзімен бірге жарамды төлқұжатын алып келуі керек) қатыса алады.

Қосымша ақпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясының веб-парақшасында орналасқан: https://www.election.gov.kz