Қазақстан өкілдерінің «ArtCircle» симпозиумына қатысуы туралы (Горишка Брда/Словения)

Қазақстан өкілдерінің «ArtCircle» симпозиумына қатысуы туралы (Горишка Брда/Словения)

2019 жылғы 13-18 қазан аралығында Словенияның Горишка Брда аймағында өткен «Art Circle» бейнелеу өнерінің Халықаралық симпозиумында еліміздің заманауи суретшілері Қазақстан өнерін паш етті.

«Art Circle» симпозиумы Горишка Брда муниципалитеті, дипломатиялық корпус, шығармашылық және іскерлік топтардың қолдауымен өтетін жыл сайынғы халықаралық жоба. Осымен 8-ші рет ұйымдастырылған симпозиумға Қазақстан, Алмания, Испания, Италия, Мажарстан, Польша, Ресей, Словакия, Франция, Хорватия, Чехия және Жапония таланттары қатысты. Осы жылы да «Құланшы» заманауи өнер орталығы мен Словениядағы «Қазақстан өнер Елшілігінің» (Art Embassy) қолғабысыменқазақстандық суретшілер қазақы стиль мен ұлттық өнерді таныстырды.

Симпозиумның жабылу салтанатында өнер көрсеткен «Ұлы Дала Ұландары» заманауи этно джаз ансамблі кең байтақ қазақ даласының сарынымен словен өнерсүйер қауымын ерекше тәнті етті.