Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау Люблянада өтті

Тәуелсіздік күніне арналған  салтанатты қабылдау Люблянада өтті

Достық пен ынтымақтастық негізінде Словения мен Қазақстан арасында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуда берік іргетасы қаланды. Осыған,ү.ж Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словенияның бұрынғы Президенті Данило Түрктің кездесуі және Словения Ұлттық Ассамблеясындағы Қазақстанның парламенттік достық тобындағы депутаттардың Қазақстанға жасаған сапарыайтарлықтай үлес қосқаны туралы 10 желтоқсанда Любляна қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған салтанатты қабылдауында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Қайрат Сарыбай баяндады.

Қазақстан дипломаты Словенияның іскер және мәдени топтарының Қазақстанмен ынтымақтасуға деген қызығушылығын атап өтті. Ағымдағы жылы Астана экономикалық форумына Қазақстан - Словения бизнес клубының белсенді қатысуы, Нұр-Сұлтан қаласында өткен Дүниежүзілік нотариустар конференциясына қатысу үшін Словенияның заң қызметкерлерінің сапары, словен ірі компанияларының басшыларымен болған кездесулері, сондай-ақ, туризм саласын дамыту мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің туризм басқармасы қызметкерлерінің жасаған сапарында Любляна, Порторож, Пиран қалаларында бірқатар кездесулердің өткені және жергілікті туристік фирмаларымен ынтымақтастық орнату мәселесі қарастырылғаны сөзге тиек болды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Словения арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін толық ашуға ықпал ететін бірнеше мәдени іс-шаралар, атап айтқанда ҚР Словениядағы Құрметті консулдарының қолдауымен Повир елді мекеніндегі қазақ батыры «Кассе Себероның» құрметіне арналған еске алу шарасы, «Қазақ інжулері – Ұлы Дала сарыны» жобасы шеңберінде өткізген Целье, Пиран және Сежанадағы концерт пен Горишка Брдадағы қазақстандық суретшілердің «Art Circle» халықаралық симпозиумында өнер көрсетуі екіжақты қарым-қатынастарға ерекше үлес қосқанын жеткізді.

Қабылдауға Словения парламентінің, Сыртқы істер министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Люблянада тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, Қазақстан Республикасының Құрметті консулдары, қазақ диаспорасының өкілдері, словениялық қоғамдық-саяси және іскер топтары қатысты.