
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікте (АЭХА) Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай 2020 жылдың 1 қаңтарда қызметке кірген жаңа Бас директор Рафаэль Мариано Гроссимен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері, соның ішінде, АЭХА-ның Қазақстандағы Төмен байытылған уран банкінің (ТБУБ) жұмысын бастау және осы жылы ресми іске қосу рәсімін өткізу мәселелері талқыланды.
Р.Гросси Қазақстанда АЭХА ТБУБ банкін құруды Агенттік тарихындағы бірегей және бұрын-соңды болмаған маңызды жоба ретінде қарастырады. Ол Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік «өзін әрдайым таратпау процестерінің орталығында тұрған Қазақстанмен тығыз байланыста» деп атап өтті. АЭХА Бас директоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жетекшілік рөлін жоғары бағалады, себебі оның бастамасы арқасында бұл жоба мүмкін болды. Р.Гросси Қазақстанға жеке өзі келіп, Банктің салтанатты ашылу рәсіміне келуге дайын екендігін білдірді.
Р.Гросси Қазақстанға сапары барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасымыз Н.Назарбаевпен және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевпен кездесуге ниетін білдірді. Ол оны БҰҰ-дағы өзінің жұмысынан жақсы біледі, себебі Қ.Тоқаев 2011-2013 жылдар аралығында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Женева кеңсесінің басшысы болды.