Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының жаңа Атқарушы директоры Ғада Вали ханым: Қазақстан БҰҰ-ның өңірдегі маңызды серіктесі болып табылады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының жаңа Атқарушы директоры Ғада Вали ханым: Қазақстан БҰҰ-ның өңірдегі маңызды серіктесі болып табылады

2020 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің жаңадан тағайындалған Бас директоры, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Атқарушы директоры Ғада Вали ханыммен кездесті.
Сұхбат барысында Қазақстан есірткінің заңсыз айналымымен, халықаралық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы БҰҰ-ның мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі – БҰҰ ЕҚБ-мен ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.
БҰҰ ЕҚБ-ның Қазақстандағы бірқатар, оның ішінде еліміздің пенитенциарлық мекемелерінде радикализацияны төмендетуге арналған жобалардың жүзеге асырылуы үшін алғыс білдірілді.
Өз кезегінде, Атқарушы директор Ғада Вали БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азия өңіріндегі маңызды серіктесі –Қазақстан Басқармаға көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдірді.
Орталық Азиядағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте айтарлықтай үлес қосып отырған Алматы қаласында орналасқан Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (CARICC) маңыздылығы атап өтілді.
Ғада Вали ханым «Жусан» гуманитарлық операциясының, сондай-ақ Сириядағы соғыс аумақтарынан оралғандарға арналған реабилитациялық жұмыстың нәтижелеріне жоғары баға беріп, бұл халықаралық қауымдастықтың назарында болу қажет деп мәлімдеді.
Кездесу қорытындылары бойынша тараптар құқық қорғау қызметінің түрлі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге дайындығын білдірді.

Венадағы Тұрақты Өкілдік