
Грац, 30 маусым 2022 жыл - Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын мерекелеу аясында, сондай-ақ Қазақстанның халық әртісі Р. Бағланованың 100 жылдығына орай, Штирия федералды жеріндегі ҚР Құрметті консулы Г. Небельдің қолдауымен Грац қаласында Венада жұмыс істейтін белгілі қазақстандық әртістер мен Аустрияда білім алып жатқан жас таланттардың концерті ұйымдастырылды.
Мерекелік концертке Венада тіркелген Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстан дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, саяси, іскерлік және мәдени топтардың өкілдері, сондай-ақ Альпі республикасының өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
Қонақтарға қазақтың белгілі композиторлары – А. Жұбановтың, Құрманғазының, А. Құнанбаевтың, сонымен бірге еуропалық классиктердің – В.А. Моцарттың, Д. Пуччинидің, А. Шниткенің шығармалары ұсынылды. Шығармашылық кеш «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рухында халық дәстүрін классика мен қазіргі заманмен ұштастыруға айналды.
Концерт алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қ. Омаров екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететін елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, қазақстандық дипломат кеш қонақтарын белсенді екіжақты өзара іс-қимыл үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын Қазақстанда болып жатқан тарихи өзгерістермен таныстырды.
Концерт қонақтары қазақстандық әртістер мен музыканттардың өнерін жылы қарсы алды. Қазақ авторларының шығармалары, әсіресе дарынды опера әншісі А. Шәмшиденованың орындауындағы Л. Хамидидің «Қазақ вальсі» туындысы, оның ішінде домбыра әуендері нағыз музыка білгірлерін тәнті етті.
Іс-шара аясында «Әлем балалар көзімен» атты мүмкіндіктері шектеулі қазақстандық балалардың суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Батыс Қазақстан облысының арнайы мектеп-интернаттары тәрбиеленушілерінің жұмыстары «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорымен ұсынылды.
Қоршаған ортаға, барлық жандарға мейірімділік шуағын шашқан, шынайылыққа, махаббатқа толы жарқын жұмыстар көрме келушілеріне ұмытылмас әсер сыйлады.
Кеш соңында концерт қонақтары балалардың 6 суреттерін сатып алып, оның қаражаты «Аялаған Алақан» қорына аударылды.
Іс-шара үлкен қызығушылық тудырып, Аустриямен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуының 30 жылдығын мерекелеуге лайықты үлес болды.