Аустрия сарапшылары Қазақстандағы конституциялық реформаларды жоғары бағалауда

Аустрия сарапшылары Қазақстандағы конституциялық реформаларды жоғары бағалауда

Вена, 2022 жылғы 26 мамыр - Аустрия астанасында конституциялық реформаға және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Аустрияның сарапшылар қауымдастығының, жергілікті қоғамдық-саяси және бизнес топтарының өкілдері қатысты. Қазақстан дипломаттары қатысушыларды елдің саяси жүйесін жаңғырту жөніндегі реформалар пакетімен және ауқымды өзгерістер бағдарламасымен таныстырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жаңа Қазақстанды» құру аясында ү.ж. 5 маусымда еліміздің Негізгі Заңына түзетулер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтетіні туралы толық ақпарат берілді.

Өз кезегінде аустрия сарапшылары Парламенттің рөлін күшейтуге және халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформалардың уақтылығы мен өзектілігін атап өтті. Сарапшылар конституциялық өзгерістер елді заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығаратынына сенім білдірді. Дөңгелек үстелдің күн тәртібі іс-шара қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Сонымен бірге, аустриялық жетекші сарапшылары Қазақстандағы конституциялық реформалар процесін құптап, Қазақстан басшылығына толық қолдауын білдірді.

Бұл тұрғыда, Вена қаласындағы Қолданбалы саяси экономика институтының ғылыми директоры және Вена академиктер одағының сарапшысы Христиан Цайц «көптеген халықаралық байқаушылар атап өткендей, Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзім ішінде өршіл реформалар жобаларымен мақсатты түрде айналыса алды. Жаңа Конституцияның күшіне енуі құқықтық салдарды қамтамасыз ету, биліктің бөлінуі және заңның үстемдігі қағидаттарын нығайтады және сол арқылы Қазақстан мемлекетінің ұлттық және халықаралық деңгейде ынтымақтастыққа деген сенімділігі күшее түседі. Сондықтан Конституцияның тиісті жобасымен келісімді таза ар-ұжданмен ұсынуға болады» деп пікір бөлісті.

Сонымен бірге, аустриялық талдау тобының өкілі Ахмед Радван «ҚР Президентінің елді жаңа заманауи оң болашаққа жетелеуге арналған ерік-жігері зор. Өлім жазасының күшін жою, Конституциялық сот құру, сондай-ақ ашық сыбайлас жемқорлыққа және халық дауысының неғұрлым демократиялық құқығы Қазақстанның оң дамуын одан да елеулі етеді.

Менің Қазақстанға ұсынысым - жаңа Конституцияны халық пен елге қолайлы етіп жүзеге асыра отырып, өз қағидаттары мен құндылықтарын сақтауды жалғастыру, себебі соңғы жылдардағыдай елді бірге қолдауды жалғастыру өте маңызды. Мен ұлы жоспарға, Қазақстан Үкіметіне және Қазақстан халқына жақсылық тілей отырып, болашақта бұдан да оң оқиғаларды тағатсыздана күтемін».