Венада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларды еске алу рәсімі өтті

Венада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларды  еске алу рәсімі өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай, 2022 жылғы 9 мамырда Аустрия астанасының Шварценбергплац орталық алаңында орналасқан кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалға гүл шоқтары қойылды. Бұл шараға Аустрияда аккредиттелген Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елшілері мен дипломаттары қатысты. Олар қаза болғандардың рухына және майдан даласынан оралмаған жауынгерлердің өшпес даңқы алдында тағзым етті.

Кеңес әскерлеріне арналған ескерткіш 1945 жылы салынған. Бұл мүсіндік құрылыс нацизмнен босату символын бейнелейді.

Қеңес әскері құрамындағы қазақстандықтар Еуропа азаттығы үшін күресте, оның ішінде Аустрия үшін шайқастарда баға жетпес үлестерін қосып, соғысқа жеңіс нүктесін қойды. Аустрия аумағында біздің мыңнан астам отандастарымыз қаза тапты.

Соғыс жылдары Қазақстаннан шамамен 1,5 миллион адам майданға аттанды, олардың жартысына жуығы үйге оралған жоқ.

Қазақстанда сол күндердегі ерлік пен қайғылы оқиғаларды біледі және ұмытқан емес. Өз өмірлерін құрбандыққа шалып, Аустрия халқына бейбітшілік және тәуелсіздік әкеліп, Еуропаны фашистік әскерлерден босатқан кеңес жауынгерлерін Аустрияда еске алып, құрметпен қарайтыны, өте маңызды.