Вена, 27 сәуір 2022 ж. – Еліміздің және қазақ ақын-жазушыларының үлкен досы, елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетуге зор үлес қосқан ақын Леонард Кошуттың дүниеден озғанына байланысты жерлеу рәсіміне Қазақстанның Венадағы Елшілігінің қызметкерлері қатысты.
Оның ұлттық әдебиетке деген адалдығын қазақ әдебиетіндегі жиырмаға жуық атаулар айғақтайды. Соның ішінде ұлы Абайдың философиялық толғаулары «Қара сөздер» мен «Жиырма өлең» жинағы, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының поэтикалық аудармалары және Олжас Сүлейменовтің «Көшпенділердің азимуттарында» атты жеке басылымы.
Леонард Кошут көрнекті тұлға, тамаша аудармашы және әдебиет сыншысы болды. Ол Дүкенбай Досжан мен Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармаларын аударып, неміс оқырмандары арасында танымал етті. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» атты романы туралы Кошут былай деп жазды: «Егер де роман қолжазбадан неміс тіліне аударылса, әлем әдебиетінің тамаша туындысы ретінде танылар еді».
Неміс ақынының ізгі есімі мен шығармалары қазақ және неміс әдебиетінің тарихында мәңгі сақталады.