БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 65-сессиясы өтті

БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 65-сессиясы өтті

Бүгін БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 65-сессиясы шеңберінде Қазақстан мен Франция «Есірткі трафигі проблемасының тұрақсыздандырушы әсерін шешуде Орталық Азия елдеріне халықаралық және өңірлік қолдауды кеңейту» тақырыбындағы параллельді іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараны екі елдің елшілері, сондай-ақ БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілі ашты. Пікірталасқа сайд-ивенттің ко-демеушілері – Еуропа Одағы, Европол, Интерпол, ОАӨАҮО және «Париж пактісі» бастамасы белсенді қатысты.