2021 жылғы 23 маусымда Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитеттің Оқыту бағдарламасының донорлары мен әріптестері үшін брифингте Қазақстанның Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров баяндама жасады. Ол Қазақстан қол қоюшысы болып табылатын, БҰҰ үш есірткіге қарсы халықаралық конвенциясын имплементациялауды қолдаудағы және БҰҰ мүше елдеріне ұсынымдар дайындаудағы Комитеттің рөлін атап өтті.
Сонымен қатар, ол донорларды заңсыз есірткі трафигіне қарсы күрес үшін хабардарлықты көтеру және әлеуетті арттыру бойынша Комитеттің мақсаттарын ортақ тұтатын ОАӨАҮО Алматыдағы есірткіге қарсы орталығының жұмысын қолдауға шақырды.