
Бүгін Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің қолдауымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен Зальцбург университетінің өкілдері арасында онлайн келіссөздер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында білім беру саласындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту, оның ішінде студенттер мен профессорлық-оқытушылар құраммен алмасу мәселелері талқыланды.
Келіссөздер нәтижесі бойынша тараптар екіжақты әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытты.