
2021 жылғы 28 сәуірде Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының Тарихи сессиясы өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жарқын беттерінің бірі 1992 жылғы желтоқсанда Алматы қаласында барлық этностардың өкілдері жиналған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы болып табылады. Өткен жылы 25 жасқа толған осы институттың негіздері сол кезде қаланған болатын. Тәуелсіздік жылдары ішінде Ассамблея озін бейбітшілік, бірлік және келісім салаларындағы халықаралық бренд ретінде көрсетті.
Еуропалық оқырман үшін Бельгиялық «Euractiv.com» ақпарат агенттігінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының (Қазақстан) әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айман Жүсіпованың Ассамблеяның құрылу тарихы мен этносаралық келісімнің қазақстандық моделі туралы мақаласы жарық көрді. Төменде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің презентациясы келтірілген.